Видео

160 км/сағ жылдамдықпен ұшқан доп спортшының басына тиді – видео

Жазылу
"Окленд Атлетикс" Солтүстік Америка бейсбол лигасы клубының ойыншысы Крис Бэсситт жарақат алды

Болған оқиғаның видеосы YouTube-тағы Crackpot Sports арнасында жарияланды.

Бұл жағдай Чикагода "Окленд" пен жергілікті "Уайт Сокс" клубының матчында болған. Брайан Гудвин ұрған доп Бэсситтің басына, оң жақ көзінің тұсына тиді. Спортшы бірден құлады, кейін ауруханаға жеткізілді.

Reuters агенттігі доп сағатына 160 шақырым жылдамдықпен ұшқанын жазды.

Клуб спортшы есін білетінін жеткізді, ауруханада жатыр. Өзге ақпарат жарияланған жоқ.

Жаңалықтар
0