НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз — Sputnik. Антициклон ықпалынан Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады Қазгидромет.
"Күндіз оңтүстік және оңтүстік-шығыс таулы аудандарда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл, оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында бұршақ түседі", - дейді синоптиктер.
Жамбыл облысының таулы аудандарда найзағай, бұршақ күтіледі, облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл, оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Түркістан облысында найзағай ойнайды, таулы аудандарда және батыста желдің күші 15-20 м/c-ке жетеді, шаңды дауыл тұрады.
Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл болады, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Қарағанды облысының солтүстігінде және шығысында, күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Алматы облысының кей жерінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.