Видео

Әккі шағала дүкенге кіріп, тамақ ұрлады – күлкілі видео

Жазылу
Роликтегі құс өте ақылды болып шықты. Ұры шағала дүкенге кіріп, бір пакет чипс алып шықты

Шағала қатты аш болғанға ұқсайды. Әлденіп алу үшін қылмыс жасауға мәжбүр болды.

Ол тіпті түскі асты табудың толық жоспарын ойластырып алыпты. Шағала дүкеннің шыны есігі ашылғанша кіреберісті айналшықтап жүрді. Датчик іске қосыла салысымен дүкенге тез кірді де, өзімен бірге бір пакет чипс ұрлап шықты.  

Ол тамақты алып ұшып кетпеді, пакетті жаяужолға тастап, сол жерде шоқып жей бастады.

Бұл қызықты жағдайды видеоға түсіріп алған авторды шағаланың тапқырлығы қатты таңғалдырды.

Ол роликті өзінің Youtube-тегі ViralHog каналында жариялады.

Жаңалықтар
0