Қоғам

Спутник V аутоиммундық аурулар тудыратыны туралы жалған ақпарат тарады

© Photo : Pixabay / TeroVesalainenСмартфон в руках мужчины
Смартфон в руках мужчины - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.08.2021
Жазылу
Спутник V вакцинасының тиімділігі дәлелденбеген деген тезистер ғылыми деректерге қайшы келеді

НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз – Sputnik. Қазақстандықтар Спутник V вакцинасынан аутоантиденелер пайда болып, аутоиммундық аурулар дамитыны туралы хабарлама таратып жатыр. Онда препараттың тиімділігі дәлелденбегендіктен оны егу қауіпті екені айтылған. Stopfake.kz бұл жалған ақпарат екенін хабарлады.

 Спутник V вакцинасының тиімділігі дәлелденбеген деген тезистер ғылыми деректерге қайшы келеді. Препараттың клиникалық сынақтарының үшінші кезеңінің аралық нәтижесі осы жылдың ақпан айында медициналық рецензияланған The Lancet журналында жарияланды. Мақалада вакцинаның тиімді және қауіпсіз екендігі айтылған.

"Сынаққа қатысушылар аутоиммундық ауруларға шалдыққаны туралы хабарланған жоқ. Бүгінгі таңда Спутник V тіркелген және 69 елде жаппай вакцинациялау үшін қолданылып жатыр", - делінген хабарламада.

КВИ қарсы егу науқаны басталғаннан бері препараттың қауіпсіз және тиімді екендігі туралы дәлелдер жеткілікті жиналды. Бұл туралы Nature және The conversation сияқты беделді басылымдар хабарлады.

Сондай-ақ ғалымдар Спутник V вакцинасының вирустың әртүрлі нұсқаларына қарсы тиімділігі анықталды.

Түйіндей келгенде, Спутник V вакцинасының аутоиммунды ауруларды тудыратыны туралы мәлімдемелер негізсіз және қолданыстағы ғылыми мәліметтерге қайшы келеді. 

Жаңалықтар
0