Спорт

Азия чемпионаты: қазақстандық жеті боксшы алғашқы жекпе-жегін жеңді

© Sputnik / Владислав ВодневТренировка сборной по боксу
Тренировка сборной по боксу - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.08.2021
Жазылу
Алғашқы сайыс күнінде қазақстандық сегіз боксшы рингке шықты

НҰР -СҰЛТАН, 21 тамыз – Sputnik. Дубайда жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды. Алғашқы сайыс күнінде қазақстандық сегіз боксшы рингке шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық боксшылардың нәтижесі мынадай (жеңімпаздар қою қара түспен белгіленіп тұр): 

46 келіге дейін. Айдар Қадырхан (Қазақстан) – Абдурасул Абдурасулов (Өзбекстан) 4:1

50 келіге дейін. Илья Калинин (Қазақстан) – Суктан Усман Мохд (Үндістан) 3:2

54 келіге дейін. Адайбек Ниязбай (Қазақстан) – Али Хисаин (Ирак) 5:0

63 келіге дейін. Жасұлан Абдолда (Қазақстан) – Малик Прит (Үндістан) 0:5

66 келіге дейін. Ислам Советов (Қазақстан) – Вадим Баурин (Қырғызстан) 5:0

70 келіге дейін. Виктор Литвинов (Қазақстан) – Әли Хасанаин (Ирак). Литвинов техникалық нокаутпен жеңді

75 келіге дейін. Дәулет Төлемісов (Қазақстан) – Бенивал Накш (Үндістан) 5:0

81 келіге дейін. Мұхамед Аттиа-Хамед (Қазақстан) – Анасбек Замирбек уулу (Қырғызстан) 5:0.

Жаңалықтар
0