Әлем

Ауғанстандағы жағдайға байланысты Байденге импичмент жариялау ұсынылды

© AFP 2024 / SAUL LOEBДжо Байден
Джо Байден - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.08.2021
Жазылу
АҚШ президентіне импичмент жариялауды республикалық партия өкілі Марджори Тейлор Грин ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз — Sputnik. Джорджия штатының өкілі Марджори Тейлор Грин конгресс қарауына Джо Байденді биліктен шеттету туралы қарар жобасын енгізді. Ол президентке он мың америкалықты Талибан* қозғалысының билігінде қалдырды деген айып тақты, деп хабарлайды РИА Новости.

Конгрессмен америкалық биліктің Ауғанстандағы іс-әрекетін барып тұрған сорақылық деп бағалады.

"Джо Байден президенттік еткен жеті ай ішінде Америка бүкіл әлемнің құрметін жоғалтты. Дәлелдер жеткілікті, оған импичмент жариялау керек", - деп жазылған оның мәлімдемесінде.

Сонымен қатар Марджори Тейлор Грин Джо Байден АҚШ-тың оңтүстік шекарасында дағдарысқа жол беріп, көші-қон заңнамасын бұзды және жалға алушыларды шығаруға мораторийді ұзарту арқылы жоғарғы сот ұстанымына қайшы келіп, заң шығарушы өкілеттілікті иеленді деп мәлімдеді.

Ол өзінің ұсынысына конгрестің құлақ асуы екіталай екенін біледі. Өйткені екі палатаны да Байденнің демократиялық партия бойынша серіктестері бақылап отыр.

Жаңалықтар
0