Қоғам

42 500 алғандарға 900 мың теңге төленеді - мемлекеттік корпорация түсініктеме берді

© Sputnik / Абзал КалиевПособие во время карантина 42 500
Пособие во время карантина 42 500  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.08.2021
Жазылу
Мамандар бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлап, алаяқтардың сөзіне сенбеуге шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз — Sputnik. Қостанай облысының тұрғындары "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының өңірлік өкілдігіне хабарласып, 900 мың теңге мөлшеріндегі жаңа төлем туралы сұрап жатыр. Мемлекеттік корпорация бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды alau.kz.

"Соңғы күндері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының 1414 байланыс орталығына азаматтар хабарласып, түрлі ұйым, саяси партиялардан бәзбіреулер қоңырау шалып жатқанын айтты. Олар төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге алғандарға 900 мың теңге көлемінде төлем берілетінін хабарлаған", - дейді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Қостанай облысы бойынша PR-менеджері Ярослава Богатырева.

Богатырева бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлап, алаяқтардың сөзіне сенбеуге шақырды. Қаскөйлер 1414 нөмірінен келген кодты жіберуді сұраған. Осылайша алаяқтар азаматтың жеке кабинетіне кіруі мүмкін, дейді мамандар.

"Ешқандай төлем берілмейтінін атап өткіміз келеді. 1414 нөмірінен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы, "Ұлттық ақпарат технологиялары" АҚ атынан ешқандай код жіберіп жатқан жоқпыз. Еш жерге ешқандай кодты хабарлаудың қажеті жоқ. Бұл алаяқтардың ісі, олар сіздердің жеке мәліметтеріңізді қолға түсіруге әрекет жасап жатыр", - деді Богатырева.

Оның айтуынша, алаяқтар осындай әдіс арқылы азаматтардың жеке мәліметтеріне қол жеткізуді көздейді.

Жаңалықтар
0