НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз — Sputnik. 2021-2022 оқу жылына арналған магистратура бойынша білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі хабарлады.
Мемлекеттік гранттардың иелері құрамында мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, журналистер, Қазақстан студенттерінің Альянсы және "Отандастар" қорының өкілдері кірген республикалық комиссияның қорытынды отырысында анықталды.
"Магистратурада оқуға арналған білім беру гранттары кешенді тестілеу нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалды. Былтырмен салыстырғанда оқуға түсуге өтініш білдіргендер саны 2 мыңға артып, тестілеуге 36 мың адам қатысты", - деді ведомствода.
Грант иегерлерінің барлығы жоғары оқу орнындағы виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы жоғары оқу орнына өз құжатын 28 тамызға дейін жолдауы керек.