Қоғам

Карантин қай кезде жеңілдетіледі – Цой жауап берді

© Sputnik / Владислав ВодневДевушка в маске
Девушка в маске  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2021
Жазылу
18 тамызда өткен үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой демалыс күнгі локдаунды жалғастыра беруге ұсыныс жасады

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз — Sputnik. Келесі аптадан бастап демалыс күнгі локдаун жеңілдеуі мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бізге "Атамекен" демалыс күнгі локдаун бойынша өтініш жасаған. Егер жағдай бірқалыпты болса, келесі аптадан бастап сенбі күні жеңілдік жасауды жоспарлап отырмыз", - деді Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Министрдің айтуынша, Алматы қаласында эпидемиологиялық жағдай өте қиын болып тұр. Адам өлімі де жоғары. Вирусты жұқтыру көрсеткіші республика бойынша түспей отыр.

"Сол себепті шектеу шаралары қазіргі жағдайға сай. Таразы басында адам өмірі тұр. Біз бәрін жіті қарап жатырмыз. Мүмкіндік болса, бизнес жеңілдік жасауға тырысамыз", - деп атап көрсетті Цой.

Айта кетері, сәрсенбі, 18 тамызда өткен үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой демалыс күнгі локдаунды жалғастыра беруге ұсыныс жасады. Премьер-министр осы ұсынысты қолдады.

Жаңалықтар
0