Елорда тынысы

Арнайы жасақ екпе паспортын сатқан жігіттің қолын қайырып алып кетті – видео

© Sputnik / Владислав ВодневАнтитеррористические учения в Нур-Султане
Антитеррористические учения в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2021
Жазылу
Нұр-Сұлтан тұрғындарына вакциналау паспортын сатып алуды ұсынған жігіт ақша алып жатқан жерінен ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан полиция департаменті екпе алмаған азаматтарға вакциналау паспортын сатып алуды ұсынған 28 жастағы елорда тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғады.

Күдіктіні ұстау операциясына арнайы жасақ қызметкерлері қатысты, деп жазды polisia.kz ресурсы.

"Кез келген құжатты жасауға уәде берген жігіт полицейлердің назарына ілікті. Ол елорда тұрғындарына жиырма күн ішінде екпе паспортын жасап беретінін айтқан. Тапсырыс берушілер ақшаны алдын ала төлеуі керек болған. Оларға мерзімі бойынша ешқандай проблема болмайды деп уәде еткен", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан полиция департаменті.

Полиция қызметкерлері клиенттің атын жамылып жігітпен кездескен, бұл оған тосын сый болды. Күдікті 50 мың теңгені ала салысымен арнайы жасақ оның қолына кісен салды.

Оқи отырыңыз: Алматыда емхана басшысы ұсталды 

"28 жастағы күдіктінің айтуынша, ол екпе паспортының өзектілігін ескере отырып, осылайша қосымша табыс табуға шешім қабылдаған", - дейді полицейлер.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.  

Жаңалықтар
0