Өңірлер

Бір үйдің екі баласы терезеден құлап кетті – Оралдағы оқиғаның мән-жайы

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуМягкая игрушка висит на капельнице, архивное фото
Мягкая игрушка висит на капельнице, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2021
Жазылу
Үйде үш және алты жасар екі бала қараусыз қалған. Екеуі де терезеден құлап кетті  

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Орал қаласында терезеден құлаған екі кішкентай бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады "Мой ГОРОД" сайты.

Ресми мәліметке сәйкес, бұл оқиға 19 тамыз күні сағат 17:11-де Жүнісов көшесінде орналасқан көпқабатты үйде болған.

"Үйде үш және алты жасар екі бала қараусыз қалған. Екеуі де бесінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кетті", - дейді төтенше жағдайлар департаментінің мамандары.

Кішкентай балаларды ауруханаға жеткізген. Қазіргі кезде екеуінің жағдайы орташа ауыр. Олар бастан жарақат алған. Миы шайқалған. Басқа да жарақаттары бар.

Жаңалықтар
0