Саясат

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі: Талибанды* мойындаған жоқпыз

© Photo : Facebook / Ministry of Foreign Affairs, Republic of KazakhstanСыртқы істер министрлігі
Сыртқы істер министрлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2021
Жазылу
Ұйымның айтқан сөздері іс-әрекетіне қаншалықты сай болады - көп нәрсе соған байланысты, дейді министрліктегілер

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин Қазақстанның ауған еліндегі жағдайға қатысты ұстанымын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Біз Талибанды* мойындаған жоқпыз. Күні кеше сыртқы істер министрлігі Ауғанстандағы жағдайға қатысы мәлімдеме жасады. Біз осы елдегі жағдайды жіті бақылап отырмыз", - деді Рахметуллин орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Осы орайда вице-министр Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мәлімдемесін де қолдайтынын еске салды. Ол құжатта ауған жерінде инклюзивті және өкілдік үкімет құру, аз ұлттар мен әйелдердің құқықтарын құрметтеу, басқа мемлекеттерге қауіп төндіретін топтардың болуына жол бермеу мен халықаралық құқықты сақтау туралы жазылған.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Ауғанстандағы этникалық қазақтарға қатысты маңызды шешім қабылдады

"Қазіргі кезде бәрі жағдайды бақылаумен отыр. Ұйымның айтқан сөздері іс-әрекетіне қаншалықты сай болады, көп нәрсе соған байланысты болып тұр. Кабулдағы Талибан* - бұл өмір шындығы, осы шындықпен жұмыс істеу керек. Бірақ Талибанмен* саяси немесе басқа бір деңгейде ешқандай байланыс болған жоқ", - деп атап өтті Рахметуллин.

Талибан* - Қазақстанда, Ресейде және бірқатар елде тыйым салынған террористік ұйым.

Жаңалықтар
0