Өңірлер

Маңғыстауда ереуілге шыққан әйелдердің талабы орындалды

© Photo : Рixabay.com/Karl Reinery Каскалар
Каскалар - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2021
Жазылу
Олар жалақыны көтеруді, радиация үшін қосымша ақы мен пайдалы азық-түлік, ал жылдың соңында тағы бір айлық беруді талап еткен

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Маңғыстау облысында ереуілге шыққан әйелдердің талабы орындалды, деп хабарлайды Lada.kz порталы.  

"Қаражанбасмұнай" компаниясы таратқан ақпаратқа сәйкес, 18-19 тамызда мердігерлік компания - "Caspian Food" ЖШС жұмысшыларымен кездесу өткізді.

Оған екі вахта жұмысшылары да қатысты. Келіссөздер кезінде жалақыны көтеруге шешім қабылданды. Оны әйелдер ұжымы да растап отыр. Олар бейнеүндеу жазып, компания басшылығына алғыс білдірді.

"Біздің талап-арызымыз бойынша бәрі оңынан шешілді. Барлығымыз ризамыз. "Caspian Food" мекемесіне және басшылығына талабымызды орындап, мәселемізді шешкені үшін алғысымызды айтамыз. "Caspian Food" мекемесі жасасын!", - дейді жұмысшылар.

Айта кетері, 4 тамызда осы ұжым ереуілге шығып, президентке бейнеүндеу жолдаған болатын.

Жұмысшы әйелдер жалақыны екі есеге көтеруді, радиация үшін қосымша ақы мен пайдалы азық-түлік, ал жылдың соңында 13-ші айлықты беруді талап еткен.

Оқи отырыңыз: "Жұмысты тоқтатамыз!": Тоқаевқа бірнеше ұжым бейнеүндеу жолдады

 

Жаңалықтар
0