Экономика

Премьер-министр азық-түлік бағасының ЕАЭО тұрақтылығына әсері туралы айтты

© SputnikАсқар Мамин Еуразиялық үкіметаралық кеңесте
Асқар Мамин Еуразиялық үкіметаралық кеңесте - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2021
Жазылу
Азық-түлік тауарларының әлемдік индексі соңғы он жылдағы рекордтық көрсеткішке жетті, деді Асқар Мамин

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында азық-түлік бағасы мәселесін көтерді.

"Маңызды сын-қатерлердің бірі ретінде азық-түлік тауарлары бағасының өсімін атап өтуге болады. Бүгінгі күні азық-түлік тауарларының әлемдік индексі соңғы он жылдағы рекордтық көрсеткішке жетті. ФАО (Біріккен ұлттар ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы) мәліметінше, маусым айындағы баға индексі өткен жылдың көрсеткішінен 31 процентке жоғары болған", - деп атап өтті Мамин Қырғызстанда өткен кеңесте.

Оның айтуынша, барлық тауар түрінің өсімі байқалады. Оның ішінде – бидай, сүт өнімдері, ет, қант бар.

Азық-түлік бағасының өсіміне әлемдік нарықтағы тұрақты трендтер, сол сияқты тұтынушылық сұраныстың қалпына келуі, өндірістегі кідірістер, қолайсыз ауа-райы мен климаттағы өзгерістерден туындаған жаһандық агроөнеркәсіптік кешендегі өндірістік құбылулар әсер етті.

"Біздің елдердегі инфляция құрылымында азық-түлік тауарлары бағасының үлесі басым болғандықтан, бұл жағдай Еуразиялық экономикалық одақтың тұрақтылығы мен азаматтарымыздың әл-ауқатына қауіп төндіреді. Мұндай динамика азық-түлік нарығында тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдауымызды талап етеді. Сонымен қатар қазіргі баға конъюнктурасы нарықтың маңызды қатысушысы ретінде бізге үлкен мүмкіндіктер қалыптастырады", - деді премьер-министр.

Оқи отырыңыз: Мамин ЕАЭО елдерін вакцинация паспортын өзара мойындауға шақырды

 

Жаңалықтар
0