Оқиға

Оралда жанжал трагедиямен аяқталды

© Sputnik / Абзал КалиевДрака, иллюстративное фото
Драка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2021
Жазылу
Сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Осы қылмыс үшін 8 жылдан 12 жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған

НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында саяжай қоғамының күзетшісі өзіне қарсы шыққан зейнеткерге тез тұтанатын сұйықтық шашып, тірідей өртеп жіберді. Полиция сотқа дейінгі тергеу бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресми мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға "Микробиолог" саяжай қоғамында болған. 63 жастағы зейнеткер ескі саяжайын бұзуға барған. Бірақ күзетші оған рұқсат бермей, кедергі жасай бастады. 

"Осы кезде зейнеткер ашуланып, пневматикалық винтовкасын алып шыққан. Күзетші I топтағы мүгедек екен. Ол зейнеткерге тез тұтанатын сұйықтық шашып жіберіп, өрт қойған. Содан зәресі ұшып, өртті сөндіруге тырысты. Бірақ ер адам қатты зардап шекті, денесінің 90 процентін күйік шалды ", - дейді полицейлер.  

Зейнеткер алған жарақатынан ауруханада көз жұмды. Ал 62 жастағы күзетші қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің 106-бабы ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан әрекет") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Осы қылмыс үшін 8 жылдан 12 жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жаңалықтар
0