НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз – Sputnik. Мектеп директорларының жалақысы жүктемеге қарай белгіленеді. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
Оның айтуынша, Қазақстанда мектеп директоры ұстаздардан аз жалақы алатын жағдайлар жиі кездеседі.
"Сондықтан білім және ғылым министрлігі мектеп директорларына еңбекақы төлеу жүйесіне, соның ішінде әр түрлі ұйымдар бойынша жалақыны саралауға өзгерістер енгізуді қарастырып жатыр. Бұл 40 бала оқитын мектеп директоры мен бақылауында 1200-2000 оқушы бар мектеп басшыларына бірдей жалақы төлеуге қатысты. Мұнда жүктеме әр түрлі екені анық көрініп тұр. Біз бұл жайлы айттық және министрлік сәйкес шешім дайындап жатыр", - деді Асхат Аймағамбетов.
Алайда министр мектеп директорлары нақты қандай жалақы алатынын айтпады.