Енді олар қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып білім ордасына оралмақ. Барлық мектеп, колледж бен университет қызметкерлері мен білім алушылар медициналық бетперде тағуға міндеттеледі. Сондай-ақ білім беру ұйымдарында күнделікті термометрия, желдету, кварцтеу, дезинфекция жүргізіледі.
Барлық мектепте қосымша ауысымдар ұйымдастырылып, үзіліс уақыты әртүрлі уақытқа белгіленеді. Білім ошақтарында бұқаралық шараларға тыйым салынған.
Студенттер, педагогтер мен басқа да қызметкерлер ғимаратқа Ashyq жүйесі арқылы кіреді.
Білім жүйесіндегі өзгерістерге байланысты Sputnik Қазақстан алматылықтардың пікірін білді. Олардың арасында бірқатар адам оқушылардың мектепте білім алғаны тиімді екенін айтты. Алайда арасында қазақстандықтардың толық коронавирусқа қарсы вакцина алмағанын айтып, балалардың мектепте оқуына қарсы екенін білдіргендер де бар.
Сауалнамаға қатысқандардың арасында студенттер мен оқушылар да болды. Бірі биыл университеттің соңғы курсында оқитынын айтып, қашықтан оқу жұмыс істеуге ыңғайлы екенін жеткізді. 11-сынып оқушылары да бұл пікірді қолдайды. Сол арқылы ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалуға көбірек уақыт болады деген ойда.
Толығырақ Sputnik Қазақстан видеосынан көріңіз.