Қоғам

"Күніне 10 мың адамға вакцина салынады": Даниал Ахметов президентке есеп берді

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание Акорды
Здание Акорды - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2021
Жазылу
Мемлекет басшысы өңірдегі көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға үздіксіз көмек көрсетуді тапсырды

АЛМАТЫ, 19 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысының әкімін қабылдады. Даниал Ахметов президентке аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есеп берді, деп хабарлады Ақорда.

Облыс әкімінің айтуынша, физикалық өсім индексі 5%-ке жетсе, негізгі капиталға салынған инвестиция 5%-тен асқан. Ауыл шаруашылығы мен құрылыс салаларында да едәуір өсім байқалады.

Кездесуде өндіріс қарқынын екі есе арттыруға мүмкіндік беретін "Ақтоғай" металлургия кешенінің екінші кезегін аяқтау мәселесі талқыланды.

Сонымен қатар президентке өңірдегі білім беру нысандарын дәстүрлі форматқа көшіруге дайындық жұмыстары туралы ақпарат берілді. Даниал Ахметовтің айтуынша, облыста білім беру саласының қызметкерлері түгелдей вакциналаудан өтті.

"Облыста күніне 10 мың адамға вакцина салынады. Негізгі контингентке қыркүйектің соңына дейін вакцинаның бірінші компоненті, ал қазанның соңына дейін екінші компоненті салынады. Жалпы 747 мың адамға екпе салу жоспарланған", - делінген ақпаратта.

Даниал Ахметов бұқаралық спортты дамыту жөнінде де баяндады. Оның айтуынша, мектептегі спортты дамытуға қосымша 890 миллион теңге бөлінген. Бүгінде мектеп оқушыларының 50%-тен астамының спортпен шұғылдануға мүмкіндігі бар. Биыл тағы 15 ірі спорт нысанының құрылысын аяқтау жоспарланған.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелерді орындау маңызды екенін айтып, өңірдегі көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға үздіксіз көмек көрсетуді тапсырды.

Оқи отырыңыз: "Депутат креслосында отыр": Ахметов өзіне көрсетіліп жатқан қысым туралы айтты

 

Жаңалықтар
0