Саясат

Саясаттанушы "Қырым платформасы" жайлы пікір білдірді

© AFP 2024 / SERGEI SUPINSKYЦентральная площадь Киева
Центральная площадь Киева - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2021
Жазылу
Саясаттанушы әрі публицист "Қырым платформасы" саммиті өткізу тиімділігіне қатысты ой бөлісті

МӘСКЕУ, 19 тамыз – Sputnik. 24 тамызда Украина тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеді. Ал бір күн бұрын, яғни 23 тамызда Киевте "Қырым платформасы" саммиті өтеді.

Саясаттанушы әрі публицист, Украинаның төрт президентінің бұрынғы кеңесшісі, V шақырылымдағы Жоғары Рада депутаты Дмитрий Выдрин саммиттің саяси нәтижесі қандай болатыны туралы айтты.

"Украина көшбасшысы Владимир Зеленский іс-шараның сән-салтанатымен өтуіне көп көңіл бөліп отыр. Бірақ оның мазмұны қандай болады?", - дейді Дмитрий Выдрин.

Сарапшының айтуынша, саммиттің үш түрі болады: қатысушылардың білімін, технологиялармен таныстығын арттыратын кездесулер; қатысушылар өзекті мәселелерді бір-біріне сілтейтін кездесулер бар. Сонымен қатар мәселе шешілетіндей көрінетін басқосулар да жоқ емес. Саясаттанушы "Қырым платформасы" соңғы нұсқаға ұқсайды деген күдігі бар екенін айтты.

"Бұл саммитте материалдық немесе рухани, моральдық ресрустарымен бөлісетін қатысушылар кемде-кем. Сондықтан проблема бір тараптан екінші тарапқа ауыса береді. Ең алдымен саммиттің мән-маңызы болуы керек", - дейді Выдрин.

Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба 44 мемлекет пен халықаралық ұйым "Қырым платформасының" негізін қалаушы ретінде Киевке қосылуға дайын екенін мәлімдеді. Бірақ шараға шақырылғандар тізімінде Ресей жоқ екені белгілі болды.

Дмитрий Выдринның пікірінше, Ресей Федерациясы саммитке қатысқан жағдайда кездесу формасын өзгертуге тура келетін еді.

"Ресейді шақырмауына "Солтүстік ағын" туралы сөз қозғауы мүмкін деп күдіктену себеп болуы ықтимал", - дейді саясаттанушы.

Выдринның ойынша, халқаралық деңгейде өтетін саммитте өзекті мәселелердің талқыланбауы және оның шешімін іздемеу мұндай іс-шараның босқа өткенін білдіреді.

Саясаттанушы Ресей-Украина қарым-қатынасының басқа форматын құруға тырысу ара-жіктің одан бетер алшақтауына алып келгенін айтты.

"Ресей геосаяси масса ретінде тарихы, лингвистика, генотипі бойынша туыс басқа да қоғамды өзіне тартып отыр. Бірақ осы тартылыстан үрейленіп, қарсы әрекет ететін мемлекеттер де бар. Бұл мемлекеттердің арасында жауластық қалыптасуына алып келуде. Себебі жауластық басым болған сайын әлеуметтік, мәдени, ресрустық ортаның тартылысы бәсеңдейді деп ойлайды", - деді саясаттанушы.

 

Сұхбаттың толық нұсқасын Sputnik-тің YouTube-арнасынан көре аласыздар.

Жаңалықтар
0