Қоғам

Nur Otan 960 мың теңгеден беріп жатқаны рас па –  ресми ақпарат шықты

© Photo : Dean MoriartyСмартфоны в руках
Смартфоны в руках - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2021
Жазылу
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы алаяқтарға ешқандай ақпарат бермеуді және 1414-тен келген кодтарды үшінші тұлғаларға хабарламауды сұрады

НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз – Sputnik. Қазақстанда алаяқтар халықты алдаудың тағы бір жолын тапты. Бұл жолы олар өзін Nur Otan партиясының қызметкері ретінде таныстырып, 960 000 теңге төлемді алуды ұсынып отыр. Ол үшін SMS арқылы жіберілген кодты айту керек, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Алаяқтар алдымен адамның төтенше жағдай кезінде мемлекеттен 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем алғанын, я алмағанын сұрайды. Сосын миллион теңгеге жуық жәрдемақы көмекке зәру адамдарға ғана беріледі деп сендіреді. Ал оны рәсімдеу үшін 1414 қысқа нөмірінен келген SMS-хабарламадағы кодты айту қажет.

"Қарашада мектептерді улайды": комитет желіде тараған ақпаратқа жауап берді

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ бұл нөмірден әлеуметтік төлемдерді алуға арналған ақпарат таратылмағанын мәлімдеді. Мамандар халықты алаяқтарға сенбеуге үндеп отыр. 

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ әлеуметтік төлемдерді алу үшін 1414 нөмірінен код жіберілмейтінін хабарлайды, алаяқтарға ешқандай ақпарат бермеуді және 1414- тен келген кодтарды үшінші тұлғаларға хабарламауды сұраймыз" – делінген компанияның ресми хабарламасында.  

Алаяқтардың мұндай әрекеттері "әлеуметтік инженерия" деп аталады. Бұл – адамның психологиясын ескере отырып, жеке деректерін заңсыз иемдену тәсілі. Банк қызметкері ретінде хабарласатын алаяқтар да тура сондай әдіс-айланы пайдаланып жатады. Олар ақша салымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз деп, абоненттен үшін құпия деректерді айтуды талап етеді.

Жаңалықтар
0