Қоғам

Мұғалімдерге оқулықты таңдау құқығы беріледі – білім министрлігі

© Sputnik / Абзал КалиевУчебники, иллюстративное фото
Учебники, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2021
Жазылу
Алайда Қазақстан тарихы мен дүниежүзілік тарих бойынша оқулықтар барлығы үшін бірдей болады

НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз — Sputnik. Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбеов Тамыз конференциясында мектеп мұғалімдері өз пайымы бойынша тиімді деп тапқан оқулықтарды таңдай алатынын мәлімдеді.

Оның айтуынша, бүгінде Қазақстан мектептерінде гимназия үшін де, лицей үшін де, жалпы білім беретін мектеп үшін де бейіндік бағытты есепке алмайтын бірыңғай оқулықтар енгізілген.

"Әңгіме 1-11 сынып оқулықтарының баламалығы жайында болып отыр. Бұл өте маңызды деп санаймыз. Сондықтан мектеп мұғалімдерінің өз пайымы бойынша тиімді деп тапқан оқулықтарды таңдай алуы өте маңызды", - деді БҒМ басшысы.

Аймағамбетов бұл норма педагогтардың өз қажеттілігін есепке ала отырып тапсырыс жасауға мүмкіндік беретінін айтты.

"Алайда Қазақстан тарихы мен дүниежүзілік тарих бойынша бірыңғай оқулықтар қала береді ", - деп түйіндеді ол.

Еске сала кетейік, 1 қыркүйекте Қазақстандағы барлық оқушы дәстүрлі форматта оқиды. Алайда мектепке Ashyq қосымшасы арқылы кіру қажет болады. Білім және ғылым министрлігі ұсынған ақпарат бойынша, бұл инфекция жұқтырған педагогтар, ата-аналар мен мектеп қызметкерлерінің оқу ордасына кіруіне тосқауыл болады. Оқушыларға QR-кодты сканерлеу қажет болмайды.

Мектеп ұстаздары мен қызметкерлерінің барлығы осы жылдың 25 тамызына дейін коронавирусқа қарсы екпе салдыруға міндеттелді. Медициналық тұрғыда дәлелді себебі бар және соңғы үш айда коронавируспен ауырып тұрған азаматтарға ғана вакцина салынбайды.

Жаңалықтар
0