Қоғам

ХҚКО жұмысына қатысты жағымды жаңалық жарияланды

© Photo : "Правительство для граждан"Вход в ЦОН через Ashyq
Вход в ЦОН через Ashyq - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2021
Жазылу
Терминалда клиенттің жеке сәйкестендіру нөмірін теру барысында ақпарат Ashyq жүйесіндегі дерекпен сәйкестендіріледі. Қауіпті мәртебе анықталса, бағдарлама талонды басып шығармайды

НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз — Sputnik. Қазақстандықтар ХҚО-ға 23 тамыздан бастап міндетті брондаусыз бара алады. Ashyq жүйесіндегі мәртебені тексеру тәртібі сақталады, деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет".

Міндетті брондау санитарлық дәрігерлердің басты талабы болған.

"Мұндай жұмыс тәртібі клиенттердің бәрін қабылдауға мүмкіндік бермеді. Бір апта аралығында брондау үшін бос уақыт табу қиын болды. Қауіпсіз және бейтарап мәртебесі бар клиенттер енді мемлекеттік қызметтерді міндетті алдын ала брондаусыз ала алады", - деп жазылған сайтта.

Электронды тәсілмен кезекке тұру мүмкіндігі бұрынғы тәртіпте қалады. Мұны пайдаланған клиенттің артықшылығы – операторға ұзақ кезек күтпейді.

"Біз келушілер саны артатынын түсінеміз. Сондықтан санитарлық қауіпсіздік шаралары туралы ұмытпауды сұраймыз. Бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтап, санитайзер қолдану керек", - деді "Азаматтарға арналған үкімет" басқарма төрағасы Қожықов.

Бұдан басқа, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы талондарды беру жүйесін Ashyq-пен өзара ықпалдастырды. Бұл клиенттің мәртебесін ХҚО-да кезек талондарын беру кезінде де тексеруге мүмкіндік береді.

Терминалда клиенттің жеке сәйкестендіру нөмірін теру барысында ақпарат Ashyq жүйесіндегі деректермен сәйкестендіріледі. Қауіпті мәртебе анықталса, бағдарлама талонды басып шығармайды.

Жаңалықтар
0