Денсаулық

Министр Цой карантинге қатысты ұсыныс жасады

© Photo : Пресс-служба Минздрава РКМинистр здравоохранения Казахстана Алексей Цой
Министр здравоохранения Казахстана Алексей Цой - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2021
Жазылу
Шектеу шараларына қарамастан, той-томалақ тыйылмай тұр. Ондай жиындарға адам көп жиналады. Ал санитарлық ережелер сақталмайды

НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкіметтің қарауына карантинге қатысты бірнеше ұсыныс енгізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Ashyq жүйесін енгізгелі "қызыл" және "сары" мәртебесі бар 46 067 адам анықталды. Олардың ішінде 29 930-дың ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен екен. Қалғаны - науқастармен байланыста болғандар. Бұл статистика кейбір адамдардың үйде оқшаулану режимін сақтамай, халық көп жиналатын жерге барып жүргенін көрсетіп отыр. Осылайша, айналадағы адамдарға қауіп төндіреді", - деді Цой үкіметтің бүгінгі отырысында. 

Оған қоса, шектеу шараларына қарамастан, той-томалақ тыйылмай тұр. Ондай жиындарға адам көп жиналады. Ал санитарлық ережелер сақталмайды. 

"Осыған байланысты мониторингтік топтардың жұмысын күшейтуді сұраймын", - деп атап көрсетті Цой. 

Сондай-ақ, министр эпидемиологиялық жағдайды одан ары тұрақтандыру үшін бернеше ұсыныс жасады. Олар:

• "қою қызыл" және "қызыл" аймақтарда демалыс күнгі локдаунды жалғастыру;

• мониторингтік топтар жұмысын күшейту; 

• халықты вакциналаудан көптеп өткізу; 

• халық арасында түсіндіру жұмысын күшейту; 

• кәсіпкерлер ұсынысы негізінде Ashyq көшбасшылары үшін тиісті талаптарды жетілдіру.

Жаңалықтар
0