Спорт

Сапарбаев дзюдошы Елдос Сметовке жаңа көлік кілтін табыстады

© REUTERS / HANNAH MCKAYЕлдос Сметов
Елдос Сметов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2021
Жазылу
Бұған дейін де спортшыға Токиодан елге оралған кезде Алматы әуежайында жаңа көліктің кілті табысталған болатын

АЛМАТЫ, 18 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Елдос Сметовке автокөлік кілтін табыстады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі спортшымен кездесу кезінде оның жетістігін жоғары бағалап, ел намысын абыройлы қорғап шыққанын айтты.

"Жамбыл жерінен шыққан спорт саңлақтары аз емес. Солардың бірі де бірегейі – Елдос Сметов. Сенің жетістігің, спорттағы табысың бүгінгі жас буынға үлгі. Өзіңнің мықты спортшы екеніңді тағы да дәлелдей түстің. Барша жанкүйердің үмітін ақтадың", - деді Бердібек Сапарбаев спортшыға.

Содан кейін әкім Елдос Сметовке жаңа автокөліктің кілтін табыстап, ел спортын дамыту жолындағы еңбегіне сәттілік тіледі. Ал спортшының жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиевке 1 миллион теңгенің сертификаты берілді.

Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына сегіз қола медаль түсті. Оларды дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло, боксшылар Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов, еркін күрес балуаны Нұрислам Санаев және каратешілер Дархан Асаділов пен Софья Берульцева жеңіп алды.

Бұған дейін де спортшыға Токиодан елге оралған кезде Алматы әуежайында жаңа көліктің кілті табысталған болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от OYAN, QAZAQSTAN! (@oqazaqstan)

Жаңалықтар
0