Қоғам

Жалған құжаты барлар коронавирусқа қарсы вакцина салдыра ала ма

© Sputnik / Тимур БатыршинПаспорт вакцинации в Казахстане
Паспорт вакцинации в Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2021
Жазылу
Алматыда 16 тамызға дейін 817 196 адам вакцинаның бірінші компонентін, 643 514 адам екінші компонентін салдырды

АЛМАТЫ, 17 тамыз – Sputnik. Вакцина құжатын қолдан жасатқандар қазір вакцина салдыра алмайды. Бұл туралы алматылық дәрігерлер брифинг кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сондай-ақ Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин бастапқыда вакцина құжатын қолдан жасатып, кейіннен коронавирусқа қарсы вакцина салдырғысы келетін адамдарға қатысты ұсыныс айтты.

"Вакцина алмай, құжатын жасатқан адамдар вакцина салдырғысы келсе, өз қалтасынан төлеуін қолдаймын. Себебі кезінде вакцинаны пайдаланбай, үкіметке де, қоғамға да зиян әкелді. Көп жағдайда ол вакцинаны төгіп отырған", - деді Жандарбек Бекшин.

Ал Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев мұндай адамдардың қазір вакцина салдыра алмайтынын айтты.

"Денсаулық сақтау министрлігінде вакцина салдырғаны туралы құжат жасатқан адамдарға рақымшылық жасау қаралып жатыр. Олар мемлекет қаржысына екі есе зиян келтіріп отыр. Сондықтан оған жеңіл қарауға болмайды. "Қателік жасаған екенмін, вакцина алайын деп едім" десе, оларға вакцина салуға болмайды. Себебі базада олар вакцина алған деп көрсетіліп тұр", - деді Табынбаев.

Алматыда 16 тамызға дейін 817 196 адам вакцинаның бірінші компонентін, 643 514 адам екінші компонентін салдырды.

Жаңалықтар
0