Денсаулық

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 118 адам қайтыс болды

© REUTERS / SHANNON STAPLETONМедик в защитном костюме готовит палату для приема пациентов с коронавирусом
Медик в защитном костюме готовит палату для приема пациентов с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2021
Жазылу
Жалпы науқастар арасында 1 910 адамның жағдайы ауыр, 529 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр

АЛМАТЫ, 17 тамыз – Sputnik. Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 118 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Министрліктің мәліметінше, 99 адам COVID-19 инфекциясынан, 19 адам коронавирустық пневмониядан қайтыс болды.

Коронавирустан қайтыс болғандардың ең көбі Алматыда (22 адам), Қарағанды облысында (16 адам), Нұр-Сұлтанда (14 адам), Батыс Қазақстан облысында (10 адам) тіркелді.

17 тамыздағы мәлімет бойынша, 120 488 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 30 996 пациент стационарда, 89 492 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Жалпы науқастар арасында 1 910 адамның жағдайы ауыр, 529 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. 251 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Сондай-ақ бір тәулікте 6 869 адамнан коронавирус анықталды, тағы 53 адам пневмонияға шалдықты.

Пандемия басталғалы 701 345 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды, ішінде 7 751 адам қайтыс болды. Коронавирустық пневмония 65 818 адамда тіркелді, 4 092 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0