Қоғам

Қыркүйекте халық санағы басталады: нені білу керек

© Sputnik / Владислав ВодневПерепись населения 20202
Перепись населения 20202 - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2021
Жазылу
Халық санағы екі кезеңнен тұрады: 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында онлайн санақ өтеді. Ал 1 қазаннан бастап мамандар үйлерді аралап, жаппай сауалнама жүргізеді

НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов халық санағынан онлайн режимде өтуге кеңес берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Бала көтеріп тұрған ана, иллюстративті сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2021
Қоғам
Былтыр Қазақстанда қанша сәби дүниеге келді
"Халық санағынан онлайн форматта өту үшін алдымен сайтта тіркелу керек. Ол жерде ұялы телефон нөмірі де көрсетіледі. Сол нөмірге "Сіз халық санағынан өттіңіз!" деген арнайы SMS-хабарлама келеді. Ал  үйге планшет ұстаған адамдар барған кезде SMS-хабарламаны көрсете салуға болады. Осылайша қағаз жүзінде жасалатын санаққа қатыспауға мүмкіндік бар", - деді Айдапкелов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Осы орайда бюро басшысы халық санағының екі кезеңі болатынын еске салды. 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында онлайн санақ өтеді. Ал 1 қазаннан бастап мамандар үйлерді аралап, жаппай сауалнама жүргізеді.

"Мамандар арнайы киіммен жүреді. Сосын әрбіреуінің мойнында мөр басылған куәлік болады. Ал куәліктің нөмірі арқылы сайттан ондай маманның бар-жоғын тексеріп алуға болады. Сондықтан қорқудың қажеті жоқ", - деп атап өтті Айдапкелов.

Оның айтуынша, халық санағына тек вакцина алған мамандар ғана тартылады.

Жаңалықтар
0