Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда көше қиылыстарында билейтін қызды ұрып кетті

© PhotoСилуэт девушки на фоне реки
Силуэт девушки на фоне реки - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2021
Жазылу
Жәбірленуші полицияға арыз жазды. Қызға қол жұмсаған жігіт қашып кеткен, тәртіп сақшылары оны іздеп жатыр

НҰР -СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Көше қиылыстарында билейтін Аида есімді астаналықты бейтаныс адам ұрып-соқты.

Қыз Instagram-да оқиғаның қалай болғанын хабарлады.

"Бүгін 25-26 жастағы бейтаныс адам мені сыммен ұрып, тепкілеп кетті", - деп жазды Аида.

Оның айтуынша, куәгерлер бірден көмекке келген. Олар оқиға орнынан қашып кеткен жігітті суретке түсіріп үлгерген, бірақ анық емес.

Қазір ер адамды полиция іздеп жатыр – қыз арыз жазды. Ол қанталаған аяғын суретке түсіріп көрсетті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Дарю улыбки на вашем лице😇💃🏻 (@aida_uau)

Еске салайық, 20 жастағы астаналық қаладағы көше қиылыстарында билеп, танымал болды.

 

Жаңалықтар
0