НҰР -СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Маңғыстау облысында банк қызметкері клиенттердің шотынан 90 миллион теңгеден астам (212 мың доллар) ақша ұрлады, деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігі.
Бір жыл бұрын банк қызметкері клиенттердің шотынан 90 миллион теңгеден астам ақшаны шешіп алған. Ол қаражаттың бір бөлігін букмекерлік кеңсе арқылы қолма-қол ақшаға айналдырыпты.
Ақыр соңында сот ер адамды бес жылға бас бостандығынан айырды.
Оқи отырыңыз: Қазақстандықтардың депозитінен миллиондап ақша ұрлаған банк қызметкері ұсталды
Ведомство букмекерлік кеңселердің қызметі уәкілетті органдардың бақылауында екенін еске салды. Мұндай мекемелерде қылмыстық жолмен алынған қаржыны қолма-қол ақшаға айналдыру схемалары жиі ашылатын көрінеді.
Сондай-ақ агенттік букмекерлік кеңселердің жұмысы "Ойын бизнесі туралы" заңмен реттелетінін атап өтті. Ойын бизнесі саласындағы заңсыз әрекеттер қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.