Спорт

Қоңқабаев пен Бибосынов мемлекеттік сыйақыны қайырымдылыққа жұмсайды

© REUTERS / LUIS ROBAYOКамшыбек Кункабаев на Олимпиаде
Камшыбек Кункабаев на Олимпиаде - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2021
Жазылу
Олимпиада ойындарының қола жүлдесі үшін 75 мың доллар мемлекеттік сыйақы беріледі

НҰР -СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Бокстан Токио Олимпиадасының қола жүлдегерлері Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов мемлекеттік сыйақыны қайырымдылыққа жұмсайды, деп хабарлады Olympic.kz.

Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының олимпиадалық команданы марапаттау мақсатында өткізілген баспасөз мәслихатында белгілі болды. 

Олимпиада ойындарының қола жүлдесі үшін берілетін мемлекеттік сыйақы көлемі 75 мың доллардан тұрады.

Бокс федерациясының басшылығы спортшылар мен жаттықтырушыларды ақшалай сыйақымен марапаттады. Сондай-ақ Олимпиадаға қатысқан боксшыларға да бағалы сыйлықтар табысталды.

"Бұл жағдай маған ауыр тиді": Абылайхан Жүсіпов Токиодағы жеңілісі туралы айтты

Айта кетерлігі, бұған дейін еркін күрестен Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, балуан Нұрислам Санаев мемлекеттік сыйақыны қайырымдылыққа жұмсайтынын айтқан болатын. 

 

Жаңалықтар
0