Өңірлер

Полиция алаяқтардың халықты қалай алдайтынын видео арқылы көрсетті

© Public DomainСмартфон
Смартфон - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2021
Жазылу
Бейнежазбаны балалар да оңай қабылдай алатындай етіп анимациялық форматты қолдануға шешім қабылданды

НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Алматы қалалық полиция департаменті интернет алаяқтардың халықты қалай алдайтынын анимациялық ролик арқылы көрсетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ресми мәліметке сәйкес, соңғы кезде интернет-алаяқтардың белсенділігі артып келеді. Осыған байланысты полиция департаменті халықты сақ болуға шақырды.

"Бұрын ақпараттық жадынамалар, алаяқтардың құрбаны болмау туралы кеңестер жазылған брошюралар таратылатын. Енді жұртшылыққа алаяқты тез тануға және өздерін қорғауға көмектесетін қолжетімді арналар арқылы азаматтар арасында ақпараттық роликтер дайындау мен тарату қажеттілігі туындап отыр. Бейнежазбаны балалар да оңай қабылдай алатындай етіп анимациялық форматты қолдануға шешім қабылданды", – дейді криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Алдағы уақытта тағы бірнеше бағытта бейнеролик шығарылады. Олар:

  • банк алаяқтары қалай әрекет етеді;
  • қылмыскерлер вирустық жарнамаларды не үшін таратады;
  • әлеуметтік желідегі алаяқтықтан қалай сақтануға болады;
  • интернет сатып алулар.
Жаңалықтар
0