НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Шри Ланкада коронавирусты жұқтырған науқастардың күрт көбеюіне байланысты денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды, деп жазды News18 сайты.
Бұған дейін денсаулық сақтау экс-министрі Павитра Ванняраччи коронавирусқа қарсы дуаға сенетіні үшін талай рет сынға ұшыраған. Тіпті дуагерден коронавирусты жұқтырудан қорғайтын сиқырлы ішімдік алған.
Оқи отырыңыз: "Дуа жасайтынын айтты": Ақтау тұрғыны пәтерінде күркетауық өсіреді– видео.
Алайда артынан COVID-19 жұқтырып, жансақтау бөлімінен бірақ шықты. Бұдан бөлек, Ванняраччи Шри-Ланкада коронавирус эпидемиясын тоқтатамын деп, қасиетті суды өзенге төккен. Бірақ елде коронавирус жұқтырған науқастар одан азайған жоқ.
Шри-Ланка президенті Готабая Раджапакс үкіметтің құрамын ауыстыруға шешім қабылдады. Денсаулық сақтау экс-министрі Павитра Ванняраччи көлік министрі қызметіне ауыстырылды. Ал оның орнына бұқаралық ақпарат құралдары саласын басқарған Кехелия Рамбуквеллеге келді.
Our congratulations to New Transport Minister Hon Pavithra Wanniarachchi.
— Sri Lanka Truth (@truth_sri) August 16, 2021
All the very best.@PavithraWannia1 pic.twitter.com/vJLnWzLX4u
Айта кетері, Шри-Ланкада эпидемия басталғалы бері 355 мың адам коронавирус жұқтырған. Олардың ішінде 6 096 науқас қайтыс болды. Бүгінде күн сайын 3 000 адамнан вирус анықталып жатады.