Қоғам

Кәрім Мәсімов қазақстандық шекарашыларды құттықтады

© Photo : КНБ РКГлава КНБ Карим Масимов поздравил казахстанских пограничников
Глава КНБ Карим Масимов поздравил казахстанских пограничников - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2021
Жазылу
ҰҚК төрағасы Алматы облысының "Баянкөл" шекара бөлімшесінде болып, ведомствоның жеке құрамы мен ардагерлеріне сөз арнады

НҰР -СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Шекара қызметінің әскери қызметшілерін құттықтады, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекара арқылы жанар-жағармай тасымалдауға арналған магистраль - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2020
Оқиға
Қазақ-қырғыз шекарасынан жерасты каналы табылды: тергеу жүріп жатыр
Шекарашылар күні қарсаңында ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов Алматы облысының "Баянкөл" шекара бөлімшесінде болып, ведомствоның жеке құрамы мен ардагерлерін құттықтап, Отанның қасиетті шебін күзету жолындағы жауапты қызметте табыс тіледі.

Мемлекеттік шекараны сенімді қорғап, күзету комитеттің маңызды міндеті саналады және ол ел басшылығының жіті назарында болады.

Жаңа қауіп-қатерлер мен сын-тегеуріндерді ескере отырып, Шекара қызметін реформалау және Ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесіне интеграциялау жүргізілді.

Ведомство 1992 жылы Тәуелсіз Қазақстанның шекара қызметін құру туралы жарлыққа қол қою қарсаңында Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысындағы "Баянкөл" заставасында болғанын еске салды.

Жаңалықтар
0