Видео

Ауғанстандағы дүрбелең: адамдар Кабул әуежайына лап қойды – видео

Жазылу
Талибан* Ауғанстанды басып алды. Радикалдар ел астанасы Кабулге кіріп, барлық аумақты бақылауға алғанын жариялаған болатын

Тәлібтерден құтылудың соңғы мүмкіндігі - Кабул әуежайы.

Адамдар дүрбелеңге бой алдырды. Олар әуежайдың ұшу-қону жолағына баса-көктеп кіріп, ұшақтарға отыруға талпынып жатыр.

​Салдарынан бірнеше адам мерт болды.

Президент Ашраф Гани Ауғанстаннан қашып кеткені хабарланған болатын.

​Бірқатар шет елдер елшілік қызметкерлерін эвакуациялап жатыр.

Талибан* - Ауғанстандағы билікті басып алған діни экстремистік ұйым. Қазақстанда және басқа да бірқатар елде қызметіне тыйым салынған.

Жаңалықтар
0