Аңдатпа

Қазақстанда 18 тамызда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Тимур БатыршинВиды Алматы осенью с высоты птичьего полета
Виды Алматы осенью с высоты птичьего полета  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 18-25 тамызда өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

18 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

09.00 – Үкімет отырысы. Отырыстың күн тәртібінде: санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, жем-шөппен қамтамасыз ету және егін жинау науқанына дайындық мәселелері, Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары. Үкімет отырысының тікелей трансляциясын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.KZ және Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми каналынан және Facebook, Twitter, ВКонтакте әлеуметтік желілерінен көріңіз.

16.00 – Нұр-Сұлтан мәслихатындағы "Нұр Отан" партиясы депутаттық фракциясының отырысы. Күн тәртібінде "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" сайлауалды бағдарламасының Жол картасын іске асыру мәселелері талқыланады. Отырыста экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қ. Манқараев, көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы Ж. Сапарбаев, сонымен қатар Есіл ауданының әкімі, Nur Otan партиясы "Есіл" аудандық филиалының төрағасы Б. Жәкенов сөз сөйлейді. Байланыс телефоны: +7 778 161 36 29, Айым Советова

НҰР-СҰЛТАН

19.00 - "От Ф до Т" үрмелі музыка кеші ("Астана Опера" театры, Камералық зал, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

12.00 - "Как лечить львиный страх" спектаклі (Алматы қаласының мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

19 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11:00 – "Харассмент туралы ақпарат жазу нормалары" деген тақырыпта онлайн тренинг өтеді. Іс-шараның мақсаты – Қазақстан журналистерінің жыныстық бопсалау тақырыбында біліктілігін арттыру және бопсалау мәселесін медиада көтеруге шақыру. Тренинг 19 тамызда орыс тілінде, 20 тамыз қазақ тілінде Алматы уақытымен 11:00-13:00 аралығында ZOOM-да өтеді. Спикерлер: Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Эльвира Боханова, халықаралық заңгер, "Құқықтық саясатты зерттеу орталығы" ҚҚ бағдарлама үйлестірушісі, "Қазақстандағы заңнамалық реформалар, жауапты бизнес және біліктілігін арттыру арқылы жұмыс орнында және қоғамдық орындарда жыныстық бопсалаумен күрес" жобасының сарапшысы Аяжан Ойрат. Тренингке қатысу үшін 17 тамызға дейін тіркелу керек. Қосымша ақпарат: utegenova@medianet.kz.

25 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Новосибирскте "ТЕХНОПРОМ -2021" технологиялық дамудың VII халықаралық форумы өтеді. Қонақтар мен спикерлер қатарында белгілі бизнесмендер, ғалымдар, ғылыми қалашық пен инновациялық орталық, сонымен қатар министрлік пен ведомство басшылары бар. Форумның негізгі тақырыбы – ғылым мен инновацияның түрлі деңгейдегі әлеуметтік және өндірістік жобалармен байланысы. Ресей Новосибирскте синхронотронның жаңа 4-ші буынын, карбон полигонын, Новосибирск мемлекеттік университетінің әлемдік деңгейдегі білім беру кампусы мен өзге де жаңашылдықтарын таныстырады.  

Бұдан бөлек, форум жұмыс күнінің бірінде Орыс үйі "Новосибирск – Нұр-Сұлтан" телекөпірін ұйымдастырады. Оның қатысушылары ядролық физика саласының бірлескен жобаларын талқылайды. Форум гибридтік форматта өтеді, қазақстандық ғалымдар, мамандар мен бизнесмендердің онлайн режимінде қатысуына мүмкіндік жасалады. Форумға ресми сайт арқылы тіркелуге болады.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0