Саясат

Тоқаев Кореяға мемлекеттік сапармен барды

© Photo : Facebook / Берик УалиКасым-Жомарт Токаев прибыл в Сеул
Касым-Жомарт Токаев прибыл в Сеул - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2021
Жазылу
Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия басталғалы бері Оңтүстік Кореяға сапармен барған әлемдік деңгейдегі бірінші көшбасшы

НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Мун Чжэ Иннің шақыруымен Корея астанасы Сеул қаласына мемлекеттік сапармен барды. Бұл туралы Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.  

Ол Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия басталғалы бері Оңтүстік Кореяға сапармен барған әлемдік деңгейдегі бірінші көшбасшы екенін атап өтті.

Мемлекеттік сапар бағдарламасы аса ауқымды. Ертең, 17 тамыз күні президент Мун Чжэ Инмен келіссөз өткізу жоспарланған. Онда тараптар Қазақстан мен Корея арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың кең ауқымды мәселелерін қарастырады. Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Мун Чжэ Инмен бірге Корея бизнесінің жетекшілерімен кездесу өткізеді", - деп жазды Берік Уәли.

Сонымен қатар мемлекет басшысы Кореяның ұлттық батыры, өмірінің соңғы жылдарында Қазақстанда тұрған генерал Хон Бом Доны еске алуға арналған іс-шараға қатысып, Отан үшін құрбан болғандардың монументіне гүл шоғын қояды.

Бұдан кейін Кореяның ірі компанияларының қатысуымен бірқатар екіжақты кездесу өткізеді. Сондай-ақ БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мунмен жүздесу жоспарланған.

Жаңалықтар
0