Спорт

Ресейдің Олимпиада чемпионы қазақстандықтарға алғыс айтты - видео

© REUTERS / LUIS ROBAYOТокио Олипиадасы, бокс
Токио Олипиадасы, бокс - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2021
Жазылу
Маңғыстау облысының әкімі жолдаған құттықтау хаттан кейін Батырғазиев бейнеүндеу жазып, қазақстандықтарға өз алғысын жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрмов Токио Олимпиадасының чемпионы Альберт Батырғазиевтің ата-анасына құттықтау хат жолдады, деп хабарлайды өңірлік Lada.kz сайты.

Ресейлік боксшының ата-анасы 90-жылдары Жаңаөзен қаласында тұрған. Тұңғыш ұлы да қазақ жерінде дүниеге келген. Ал Олимпиада чемпионы Альберт Батырғазиевтің өзі 1998 жылы Дағыстанның Геметөбе ауылында туды. Маңғыстау облысының әкімі жолдаған құттықтау хаттан кейін Батырғазиев бейнеүндеу жазып, қазақстандықтарға өз алғысын жеткізді.

"Ассалаумағалейкүм, достар! Маңғыстау аймағының тұрғындарына үлкен алғыс айтқым келіп отыр. Мені қолдағандарыңыз үшін, сенім үшін, маған жанкүйер болғандарыңыз үшін үлкен рақмет! Аймақ басшысына ата-анамаға құттықтау жолдағаны үшін алғыс айтамын", - дейді Батырғазиев.

Айта кетері, бұған дейін Талдықорған қаласының тұрғыны түсірген видео тараған болатын. Онда Олимпиада чемпионы Альберт Батырғазиев қолғапқа өз қолтаңбасын қойып жатып, ағасының қазақ жерінде дүниеге келгенін айтқан. Оған қатысты қызықты әңгімесін де еске алды.

"Нижневартовск қаласында ағамды жол полициясы тоқтатқан ғой. Жүргізуші куәлігін қараса, туған жері – Жаңаөзен қаласы, Қазақстан, құжаттың берілген жері – Дағыстан. Сонда полицей бұл жерде қайдан жүрсің деп таңғалды", - дейді Батырғазиев.


Альбер Батырғазиев 57 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Ресейдің төрт дүркін чемпионы кәсіби бокста үш жекпе-жек өткізіп, үшеуінде де жеңіске жеткен. Ұлты – ноғай.

Оқи отырыңыз: Нокаутқа түскен спортшы есін жиғаннан кейін Олимпиада чемпионы болғанын білді – видео.

 

Жаңалықтар
0