Өңірлер

Нұр-Сұлтанда өкпесінің 93 проценті зақымданған жүкті әйел емделіп шықты

CC0 / Khusen Rustamov / жүктілік
жүктілік - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2021
Жазылу
Жүктіліктің соңғы апталарында сырқаттанған әйел дені сау баланы дүниеге әкелді. Артынша жағдайы нашарлап, ауруханаға түскен

НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз — Sputnik. Елордада өкпесі 93 процентке қабынған жүкті әйел босанып, емделіп шықты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 

Екінші шілде күні науқас К.Ботагөз көпбейінді қалалық балалар ауруханасының акушерлік блогынан № 2 қалалық көпбейінді аурухананың стационарына ауыстырылды. Мамандардың айтуынша оның жағдайы өте ауыр болған, өкпенің зақымдануы 93%-тен асыпты.

Науқас жүктіліктің 37-38 аптасында коронавирус жұқтырған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от NUR-SULTAN (@akimat_nur_sultan)

Ботагөзде 20 маусым күні әлсіздік, дененің ауыруы, мұрынның бітелуі секілді өзгерістер байқала бастаған. Сол сияқты жөтелінде қақырық пайда болып, дене температурасы көтерілген. 28 маусым күні босанып, дені сау нәрестені дүниеге әкелді. Алайда сырқаты асқынып, жағдайы нашарлай түскен.

"Ауруханаға түскенде науқастың жағдайы тыныс алу жеткіліксіздігі, интоксикация синдромы салдарынан өте ауыр болды. Біз медициналық көмек көрсетудің жоғары технологиялық қызметтерін пайдалана отырып, пациентті құтқарып қалу үшін күрестік", - деп еске алады № 2 қалалық көпбейінді аурухананың дәрігері Айжан Шанова.

Дәрігердің айтуынша, 21 шілдеде пациентті экстракорпоральды мембраналық оксигенация аппаратынан шығарылды. Осыдан кейін науқас СРАР аппаратына өкпені мәжбүрлі тыныс алдыру режиміне ауыстырылды. Бұл аппарат өкпенің толығымен ашылуы үшін жүктеме ретінде қосылады.

Арада 28 күн өткеннен кейін елорда тұрғыны жалпы палатаға ауыстырылды. Алайда бұл науқас толығымен емделіп шықты дегенді білдірмейді. Алдағы уақытта дәрігерлердің тұрақты бақылауында болады. Қазір Ботагөзді үйінде күйеуі мен қызы күтіп отыр.

Емдеу кезінде стационарда жоғары білікті мамандардың қатысуымен консилиумдар өткізілді. Дәрігерлердің бірлескен жұмысының арқасында науқас емделіп, коронавирусты жеңіп шықты.

"Өз өмірім үшін күресу және үйіме оралу – басты мақсатым болды. Бәріңізге, әсіресе дәрігерлерге көрсеткен көмегі үшін, өмірімді құтқаруға ұмтылғаны үшін алғыс айтқым келеді. Енді үйіме, отбасыма және қызыма орала аламын", - дейді Ботагөз.

Оқи отырыңыз: COVID-19: Нұр-Сұлтанда өкпесі 100 процент зақымданған әйел дені сау сәби босанды

 

Жаңалықтар
0