НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз – Sputnik. 15 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
Оның нәтижелеріне сүйенсек, еліміздің үш қаласы мен он үш облысы әлі де қауіпті "қызыл" аймақта тұр. Олар - Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.
"Жасыл" аймаққа тек Түркістан облысы оралды. Сондай-ақ Қазақстанның бірде-бір өңірі "сары" аймаққа енбегенін атап өту керек.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін елімізде 7427 науқастың тіркелгені анықталды. Оның ең көбі Алматы қаласында (15116), ең азы Түркістан облысында (118) тіркелді.
Оқи отырыңыз: Осылай жалғаса берсе, бір күнде бір ауданды жоғалтамыз – инфекционист дәрігер