Оқиға

Әйел көліктен құлап кетті: Павлодарда болған жантүршігерлік жол апатының видеосы тарады

© Photo : Rico_LoebЗнак аварийной остановки на дороге
Знак аварийной остановки на дороге - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2021
Жазылу
Зардап шегушінің миы шайқалған, бірнеше жері сынған және зақымданудан есеңгіреп қалған

НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз – Sputnik. Павлодарда төрт бірдей көлік жол апатына ұшырады. Бірнеше адам жарақат алды: жолаушылар орындығынан жерге құлап түскен әйел ауруханаға жеткізілді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Павлодар онлайн (@pavlodar.0nline)

Жол апаты сенбіден жексенбіге қараған түні, 15 тамызда түнгі бір шамасында болған.

Pavon.kz жергілікті басылымының хабарлауынша, Павлодар қаласындағы Назарбаев даңғылы мен Чокин көшесінің қиылысында болған жол апатының жазбасы видеотіркеуішке түсіп қалған.  

"Volkswagen" көлігі Чокин бойымен келе жатып, бағдаршамның сары түсі жанғанда Назарбаев даңғылын қиып өтпек болған. Осы кезде оны "Toyota" қатты жылдамдықпен келіп соққан.

Салдарынан "Volkswagen-де" отырған жолаушы әйел жерге құлап кетіп, дереу ауруханаға жеткізілді. Жоғарыда аталған көліктер соқтығысқан сәтте "Lada" бұрылған. Осы кезде "Mercedes" Назарбаевтың бойымен қарсы бағытта келе жатады, алдын ала болжам бойынша, ол жол апатынан қашамын деп "Lada-ны" соққан.

Жаппай жол апатынан зардап шеккен 37 жастағы жолаушы Павлодар қаласының №1 ауруханасына жатқызылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Pavlodarnews.kz порталына әйел көп жарақат алғанын хабарлады. Миы шайқалған, жамбасы, оң жақ 5-6-7 қабырғалары сынған және екінші дәрежелі жарақаттық шок алған.

Жаңалықтар
0