Оқиға

Жүгіріп өтпек болған: Алматыда такси жүргізушісі жасөспірімді қағып кетті

"Яндекс" таксиі
Яндекс таксиі - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2021
Жазылу
Жасөспірім аман қалды. Алайда соққы салдарынан көптеген дене жарақатын алып, ауруханаға ауыр халде жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. Алматыда жылдамдықпен келе жатқан "Яндекс" таксиі жолдан жүгіріп өтпек болған жасөспірімді қағып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

13 жастағы жасөспірім ауруханаға ауыр халде жеткізілді.

Оқиға Наурызбай ауданының Қалқаман-2 шағын ауданындағы атаусыз көшелердің бірінде болған.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтан-Щучье тас жолында жантүршігерлік апаттан үш адам көз жұмды

Куәгерлер мен жүргізушінің айтуынша, Hyundai Accent көлігі оңтүстік бағытта кетіп бара жатқан. Сол кезде жасөспірім жолды рұқсат етілмеген жерде кесіп өтпек болады.

Жүргізуші тежегішті басып үлгермеді. Соққының салдарынан жасөспірім көптеген дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Соққының ауыр болғаны сонша көліктің бамперы, есігі мен қанаты майысып қалған. Жасөспірімнің бірнеше жері сынып, бас ми жарақатын алды.

Жол полициясының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауда. 

 

Жаңалықтар
0