Денсаулық

Коронавирусты негізінен вакцина алмағандар жұқтырып жатыр - министрлік

© Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin TimurИнфекциялық аурухана
Инфекциялық аурухана - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2021
Жазылу
Вакциналаудың тиімділігін бағалау бойынша зерттеуге сәйкес, ауырғандардың басым бөлігі вакцина алмаған азаматтар екені анықталды

 НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Негізінен вакцина алмаған қазақстандықтар ауру жұқтыру және өлім қаупіне ұшырайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан денсаулық сақтау министрлініге сілтеме жасап.

Министрлік ақпаратына сүйенсек, Қазақстанда 1 ақпан мен 31 шілде аралығында 405603 адам коронавирустық инфекциямен ауырды, оның ішінде  коронавирустан 4969 адам қайтыс болды , оның ішінде вакцина алмағандар саны - 4854, вакцина алғандар саны - 115.

"Денсаулық сақтау министрлігі жүргізген вакциналаудың тиімділігін бағалау бойынша, ауырғандардың басым бөлігі вакцина алмаған азаматтарға (99,9%) жататыны анықталды, бұл ретте вакциналаудан кейінгі ауырғандардың үлесі бар болғаны 0,1% - ды құрады", - делінген хабарламада.

Егер вакцинаның толық курсын 4 382 869 қазақстандық алса, оның ішінде 5499 адам коронавируспен ауырған.

Ақпараттық жүйелерді талдау көрсеткендей, COVID-19-дан қайтыс болғандардың арасында вакцинация алмағандар үлесі 97,7% - ды құрайды, ал вакцина алғандарға 2,3% (115 адам) келеді, бұл ретте олардың анамнезінде бірқатар созылмалы аурулар болған.

Қазіргі уақытта денсаулық сақтау министрлігі вакцина алған 115 адамның өлім себебіне вакциналаудың, аурудың және өлімнің себеп-салдарлық байланысын анықтау үшін зерттеу жүргізіп жатыр.

Жаңалықтар
0