Өңірлер

Атырауда төрт бала балконнан құлай жаздады

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуішімдік
ішімдік - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2021
Жазылу
Қалаға Қызылқоға ауданынан келген әйел балаларын досының үйінде қараусыз қалдырып, ішімдік ішуге кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Атырауда балаларын қараусыз қалдырған әйел ата-аналық құқығынан шектелуі мүмкін, деп хабарлайды Polisia.kz.

11 тамыз күні Атырау қаласының тұрғыны полицияға қоңырау шалып, Вокзал 3 ықшам ауданындағы көпқабатты үйдің балконынан төрт баланың құлайын деп тұрғанын хабарлаған.

Полиция мекенжайға дереу жетті. Тексеру кезінде Ішкі істер органдарында “жайсыз отбасы” есебінде тұрған 31 жастағы қызылқоғалық әйелдің балаларын Атырау қаласында тұратын досының үйінде қараусыз қалдырып, ішімдік ішіп жүргені анықталды.

Оқи отырыңыз: Атырау тұрғыны прокуратура алдында өзін-өзі өртеп жібермек болды – видео

Оның тәрбиесіндегі төрт бала Атырау облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.

Айта кетері, Атырау облыстық полиция департаменті 11-17 тамыз күндері аралығында “Түнгі қаладағы балалар” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіуде.

Іс-шара басталған үш күннің ішінде ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері жайсыз отбасыларды тексеріп, нәтижесінде 50-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

 

Жаңалықтар
0