Оқиға

"Өтінеміз, көмектесіңіздер!": Алакөлде болған жағдайдың видеосы тарады

CC0 / StockSnap / Человек протягивает руку к солнцу
Человек протягивает руку к солнцу - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2021
Жазылу
Құтқарушылар суда қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін ескертіп отыр. Ауа райы қолайсыз болса, жағаға оралған жөн

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз — Sputnik. Алакөлге демалуға барған сегіз адам өмірмен қош айтыса жаздады. Олар қайықпен аударылды, деп хабарлады Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті.

Кешке, 13 тамыз күні жел көтеріліп, бұршақ жауа бастаған. Ауа райының қолайсыздығы салдарынан демалушылар мінген қайық аударылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@taldykorganec.insta)

Бұл жағдайды жергілікті тұрғындар дер кезінде көріп, сегіз адамды құтқарып алды. Екеуі бала екені хабарланып отыр. Әйелдердің біріне көмек қажет болды. Медицина қызметкерлері тыныс алу жолдарынан суды шығарып, ауруханаға жеткізді. 

Құтқарушылар суда қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін ескертіп отыр. Ауа райы қолайсыз болса, жағаға оралған жөн. 

Жаңалықтар
0