Әлем

Өз терісіне аллергиясы бар әйел 10 жыл бойы қиналып жүр – видео

© Photo : Рixabay/Foundry CoДевушка закрывает лицо рукой
Девушка закрывает лицо рукой - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.08.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Cирек ауру әйелдің аяғы ауыр болған кезде біліне бастады. Бастапқыда денесі қышып, кейін бөртіп кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз — Sputnik. 10 жылдан астам уақыт бұрын Американың Кентукки штаты тұрғынында өз терісіне аллергия пайда болды. Салдарынан киім-кешектен бас тартып, аурухана халатымен жүруге тура келген.

Эштон Брану 2010 жылы алғаш рет терісіндегі өзгерісті байқаған. Ол кезде жүкті болды, деп жазады Daily Mail. Бастапқыда алақаны мен табаны қышып, кейін бөртіп кеткен. Әйел, тіпті, ұйықтай алмаған.

Бұдан соң жағдай ушыға түсті, терісі күлбірей бастады. Мұндай көрініс дәрігерлерді де таңғалдырды.

Дерматолог аяғы ауыр әйелдерде болатын пемфигоид диагнозын қойды. Бұл сирек кездесетін аутоиммундық сырқат.

Босанған соң дерт біршама бәсеңдегенмен, жойылмады. Әйел күйзеліс болған кезде терісі қайта бөртіп кететінін айтады.

Жаңалықтар
0