НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз — Sputnik. Елдің басым бөлігіндегі ауа райына антициклон әсер етеді. Оның орталығы Қостанай облысында. Сондықтан бұл өңірде жауын-шашын болмайды. Шығыс пен оңтүстік-шығыста атмосфералық фронттар өтуіне байланысты найзағай ойнап, оңтүстік-шығыста қатты жауын жауады, деп хабарлады Қазгидромет.
Кей жерлерде бұршақ жауып, жел күшейеді, дауыл болады. Бірқатар өңірде тұман болуы мүмкін, оңтүстік пен батыста - шаңды дауыл.
Өңірлердегі ауа райы
Шығыс Қазақстан облысында найзағай, бұршақ, тұман болады. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.
Жамбыл облысында найзағай, бұршақ, шаңды дауыл. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.
Алматы облысында найзағай ойнайды, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні 25 метрге дейін жетеді.
Қарағанды облысында найзағай, күндіз кей жерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Түркістан, Маңғыстау, күндіз Қызылорда облыстарында шаңды дауыл болады.
Күндіз Атырау, Батыс Қазақстанда желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында тұман түседі.
Ірі қалалардағы ауа райы
Елордада түнде бұлтты, күндіз +20, +22 градус шамасында.
Алматыда жаңбыр жауады, күндіз +22,+ 25.
Шымкентте +28, +30, күн ашық болады.