Қоғам

"Улап жатыр": Қуат Хамитов жариялаған видеодағы трактордың не істеп жүргені анықталды

© Sputnik / Тимур БатыршинСмог в Алматы видно даже ночью
Смог в Алматы видно даже ночью  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.08.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
"Дезинфекция" мекемесі жасыл желектерді зиянкестерден қорғау үшін биологиялық препараттар арқылы өңдеу жұмыстарын жүргізген

АЛМАТЫ, 13 тамыз – Sputnik. Қазақстандық танымал спортшы Қуат Хамитов әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, Алматы көшелерінде адамдарды улау жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтқан.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ★★★𝐍𝐀𝐈𝐌𝐀𝐍★★★ (@kuat__khamitov)

StopFake сайтының мәліметінше, ролик авторы түнгі уақытта жол жиегінде өсіп тұрған ағаштарға биологиялық препарат шашып келе жатқан тракторды түсіріп алған. Кадр сыртындағы дауыс адамдарды осылай улап жатыр деген мәлімдеме жасайды.

Қуат Хамитов осы видеоны жариялап, "Бұл геноцидті тоқтататын заң бар!? Әлде өзіміз айналысуымыз қажет пе?" деп жазды.

Алматының жасыл экономика басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Көрсетілген мекенжайда "Дезинфекция" мекемесі жасыл желектерді зиянкестерден қорғау үшін биологиялық препараттар арқылы өңдеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жұмыс тиімді болуы үшін түнгі уақытта жүргізіледі, өйткені биологиялық препарат ультракүлгін сәулелердің әсерінен тиімділігін жоғалтады", - деп жауап берді департамент өкілдері.

Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті де бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді. Ведомство ағаштарды зиянкестер мен аурулардан қорғау бойынша іс-шаралар қалада жыл сайын өткізілетінін айтты. Бұл үшін ең тиімді құралдың бірі биопрепарат екенін хабарлады.

Айта кететіні, спортшы Қуат Хамитов 2020 жылы қыркүйекте дезинфекция жасаушылар "халықты улап жатыр" деп мәлімдеп, оларды ұрып-соғуға үндеді.

Алмалы аудандық сотында Қылмыстық кодекстің 272-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Қуат Хамитовке қатысты қылмыстық іс қаралды.

Аталған бапта азаматтың "билік өкiлдерiнiң заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға және жаппай тәртiпсiздiкке шақыру не жаппай тәртіпсіздікке арандату, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру" көзделген.

Артынша 2021 жылдың 28 қаңтарында сот шешімімен Қуат Хамитовтың алты айға бас бостандығы шектелді.

Жаңалықтар
0