НҰР -СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. Павлодар облысында ер адам тергеу изоляторына ұялы телефонды тортқа салып өткізбек болды, деп хабарлады Polisia.kz.
Оқиға Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің АП-162/1 мекемесінде болған. Сотталғанға келген сәлемдемені тексеру барысында торттан ұялы телефон табылды.
"Соңғы рет 13 жасында көрді": сотталған жігіт түрмеде анасын тапты
45 жастағы сотталған ұрлық жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр. Ерекше пакетті оған танысы әкелді.
"Мекемеге тыйым салынған заттарды кіргізбеу үшін сотталғандармен және олардың туыстарымен үнемі әңгімелесу жүргізіледі. Дегенмен келушілер байқамай қалады деп үміттеніп, жаңа әдістерді ойлап табады. Сондықтан тергеу изоляторына келген барлық сәлем-сауқат мұқият тексеріледі", – деп түсіндірді АП-162/1 мекемесінің бастығы Әділхан Қапышев.