Өңірлер

Нұр-Сұлтанда жол үстінде билеген ер адам ұсталды - видео

© Photo : ДП Нур-СултанаЖол бойында билеген ер адам
Жол бойында билеген ер адам - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.08.2021
Жазылу
Ер адам көлік қозғалысына кедергі келтіргені және қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін жазаланды

НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. Елордада көше қиылысындағы жолда билеп, көлік қозғалысына кедергі келтірген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

12 тамызда кешкі уақытта Сейфуллин-Жангелдин көшелерінің қиылысында видеокамераға көлік жүретін жолда билеп тұрған ер адам түсіп қалды. Өз әрекеті арқылы 33 жастағы ер адам жол көлік ережесін бұзып, көліктердің жүруіне кедергі жасады.

Мас бишіні өтіп бара жатқан көлік иесінің бірі ұстап, полиция келгенге дейін «тырп» еткізбеді. Тәртіп бұзушы полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Қоғамдық орында мас күйінде жүргені және жолаушылардың жол ережесін бұзғаны үшін ол Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 615 және 440-шы баба бойынша әкімшілік жазаға тартылды.

Оқи отырыңыз: Біртүрлі әрекет жасап, жұртты әбігерге салған астаналық ұсталды – видео

 

Жаңалықтар
0