Өңірлер

Ақтауда жедел жәрдем келгенше бала көшеде көз жұмды

© Sputnik / Абзал Калиевжедел жәрдем
жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.08.2021
Жазылу
Жерде жатқан баланы тұрғындар көріп, жедел жәрдем шақырды. Алайда реанимациялық шарадан нәтиже болмады

НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. Ақтаудың шағын аудандарының бірінде ер бала көшеде көз жұмды, деп жазды Lada.kz. 

Тұрғындар көшеде құлап жатқан балаға жедел жәрдем шақырды, алайда көмек жеткенше ол жан тапсырған.

Қала тұрғындарының бірі әлеуметтік желіде баланың үшінші шағын ауданда табылғаны және жедел жәрдем көлігінің көмек көрсетуден бас тартқаны туралы жазған.

"Үшінші шағын ауданның көшесінде ер бала көз жұмды. Жедел жәрдем 40 минутта әзер келді. Содан кейін ата-анасы келмейінше ештеңе істемейміз деді. Ата-анасын қайдан табамыз, баланың жерде жатқанын өтіп бара жатқан адамдар көрсе. Олар жедел жәрдем шақырды. Ал ол құдайсыздар көмектеспеді", - деп жазды ол.  

Маңғыстау облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының директоры Айралбек Шыршықбаевтың айтуынша, баланың жүрегі жедел жәрдем келгенше тоқтап қалған. Дегенмен фельдшер жарты сағаттай баланы реанимациялауға тырысқан.  

"Бригада шақыру түскен соң тоғыз минутта жеткен. Қызметкерлер балана тексерді, алайды оның жүрегі тоқтап қалғаны анықталды. Соған қарамастан олар 30 минут бойы реанимациялық шараларды жасаған. Өкінішке орай одан нәтиже шықпады", - деді ол.

Оқи отырыңыз: Теміртауда төбелесті тоқтатпақ болған бала көз жұмды – желіде видеосы тарады

 

Жаңалықтар
0